ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/07/2021 58

БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қаламызда орналасқан «Орда» жоғары колледжінде студенттермен кездесті.
Кездесуге Колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Тобашов, «Саналы ұрпақ» жобасының төрағасы А. Сейтжанов және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Б. Абуов қатысып, «Ұлттық құндылық – жас ұрпаққа өнеге» тақырыбында ұлт құндылығын дәріптеу, сақтау сондай-ақ, жас ұрпақтың иманды, тәрбиелі, білімді болуының маңыздылығын, сонымен қатар, “Ихсан ілімі” турасында насихаттады.
Өкілдікке қарасты Жастар ісі  секторының ұйымдастыруымен өткен басқосуға аталмыш колледждің студенттері мен ұстаздары қатысып, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке үндейтін маңызды ақпараттар ала білді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі