
Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында «Жәрімбет» мешітінде ұйымдастырылған «Тайқазан» қайырымдылық акциясына қатысты.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік пакеттері табысталды.
Бас имам Дастан Жанасұлы қайырымдылықтың маңыздылығына тоқталып, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

3