ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/18/2020 107

БАС ИМАМ ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имам бастаған қала имамдары «Айтбай» мешітінің жанынан салынып жатқан жаңа ғимараттың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, құрылысын бастап берді. Айта кетейік, аталмыш ғимаратта дәрісханалар мен қызметкерлер бөлмесінің болуы қарастырылған.

Бұдан кейін, имамдар мешітте жаңадан орнатылған «QIWI» терминалының іске қосылуына куә болды. Осыған дейін облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде де терминал орнатылғанын хабарлаған едік. Енді, тарихи мешітке келген жамағат та садақаларын терминал арқылы мешіт есепшотына тікелей аудара алады.