ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/23/2023 12

БАС ИМАМ ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Жаңақорған ауданындағы жаңа мешіттердің құрылысымен танысты.
Ауданға арнайы барған бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізінің бойынан салынып жатқан 250-300 адамдық мешіттің құрылыс барысын бақылап, демеушісі Б.Ашимовпен кездесті.
Демеушінің таныстыруы бойынша мешіт жанынан ұлдар мен қыздарға арналған Құран жаттау орталықтары және асхана бой көтеруде.
Бұдан кейін бас имам Май бекеті мөлтек ауданындағы екінші мешіттің құрылыс алаңына барды. Сыйымдылығы 400-500 адам болатын жаңа мешіт Д.Досантаев пен Н.Бейбітжанұлының ұйытқы болуымен 2022 жылы салынып басталды.
Айта кетейік, екі мешіттің де жанынан имамға арналған қызметтік үй салынуда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі