ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/28/2022 318

БАС ИМАМНЫҢ АРАЛДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫ

Қызылорда облысының Бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданында сапарда болды.
Сапар барысында аудан орталығында орналасқан “Құран жаттау орталығына” ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен және оқу бағдарламасымен танысты.
Сонымен қатар Болатбек Ұласқанұлы Бас мүфти тарту еткен сертификат негізінде 100 түп туя ағашын отырғызу рәсіміне қатысты.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында Арал ауданының басшысы Серік Сермағамбетке Арал ауданының 95 жылдық мерейтойына орай 100 түп туя ағашының сертификатын табыстаған болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.