ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/18/2022 306

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында шаһарға қарасты аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде шейіт болған сарбаздарымыз бен бейбіт тұрғындардың рухына Құран бағыштаумен басталды. Кездесуге қаланың бас имамы Төлеби Оспан және 8 ауданның имамдары толық қатысты. Жүздесу барысында Бас мүфти қаладағы тәртіпсіздік кезінде шаһардың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысқан имамдарға алғыс білдірді.

«Биылғы 2022 жылды ҚМДБ «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп жариялады. Жыл басталғалы бері елімізде біршама тәртіпсіздік жағдайы орын алып, ел тұрғындарының ынтымағы мен бірлігіне сызат түсті. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымызды бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейтуді қолға алды» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ жиын барысында Наурызбай қажы Тағанұлы елді береке мен бірлікке шақырып, мешіттердің қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.