ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2020 109

БАС МҮФТИ СЫР ӨҢІРІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Айтулы жиынға Сыр өңіріндегі өнер мен мәдениет және спорт өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Н.Бекежанов атындағы драма театрдың режиссері Хусейн Әмір-Темір, ақын Серік Ыдырысов, ақын Төреәлі Төлеп, спортшылар Илья Ильин, Қамшыбек Қоңқабаев сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар жиында сөз сөйлеп, Бас мүфтимен дидарласты.

Шарада алғаш сөз алған Бас мүфти Сыр өңіріндегі ілкімді істерге тоқталып, кездесуге келген аймақтың мақтаныштарына рахметін жеткізді.

«Сыр – Алаштың анасы. Қазақтың астанасы болған қала. Алаш арыстарының табанының ізі қалған мекен. Бұл өлкеге жиі келіп тұрамыз. Әр келген сайын жаңа бір лепке куә болып жатамыз. Пандемия кезінде бұл аймақта көптеген игі істер атқарылды. Өздеріңіз мешіттердің бір жағынан болысып, демеу болғандарыңызға рақмет. Өздеріңізбен осылай емен-жарқын кездескеніме қуаныштымын. Діннің насихаты, жақсылықтың жаршысы боп жүре беріңіздер» – деп игі тілегін жеткізген Бас мүфти дөңгелек үстел барысында қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Сыр өңірінің игі жақсылары Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, рухани кездесу жалғасын тапса деген тілек білдірді.