ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/14/2020 123

БАС МҮФТИ «ТАЗА ӘЛЕМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жастар ісі секторы ұйымдастырған «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына қатысты. 

Игі шара «Рухани келісім күні» қарсаңында ұйымдастырылып, оған еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктер бір мезетте үлес қосты. Атап айтқанда, имамдар мен дін қызметкерлері, мешіттердің ерікті жамағаты мен жастар атсалысқан акцияда өңірлердің көрікті жерлеріне, мешіттер мен қорымдар маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. 

–Бүгін ҚМДБ-ның Жастар ісі секторы «Рухани келісім күні» аясында республикалық тазалық акциясын өткізіп отыр. Хадистерде «Алла Тағала – таза және таза болғанды жақсы көреді» делінген. Әрине рухымызды, тәнімізді таза ұстау – мұсылманшылық міндетіміз. Сонымен қоса табиғатты аялау, оны таза ұстау да – мұсылманның міндеті. Сондықтан бүгінгі шара –Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жалғастырудың бір көрінісі. Алла Тағала ниетімізді қабыл еткей! – деді Бас мүфти. 

Айта кетейік, «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына еліміздің түкпір-түкпірінде 500-ге жуық ерікті жастар қатысты.