ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/03/2019 135

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БОЛҒАН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

«Жол апатынан қаза болған марқұмдардың отбасына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан көңіл айтамын. Алла қайғының артын қайырлы етіп, марқұмдарды рақымына алғай. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа тілейміз» делінген Бас мүфтидің көңіл айту хатында.

Айта кетсек, «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатынан 8 адам қайтыс болып, 20-дан астам жарақат алды.