ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/16/2023 3

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ СЫР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында жергілікті жамағатпен кездесті.
Нақтырақ айтар болсақ, Батыржан Берденұлы облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде құптан намазының алдында “Жүрек дерттері” тақырыбында насихат айтып, жиылған жамағатпен сұқбаттасса, жұма күні қалалық орталық “Нұр” мешітінде “Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі” тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Айта кетейік, алдыңғы аптада аймағымызда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және діни басқарма бөлім басшылары мен профессор-ғалымдардың қатысуымен республикалық деңгейдегі айтулы шаралар өткен болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі