ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әбдуәлі Сыр өңірінің бас мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Республикалық ақпараттық-насихат тобының белді мүшесі қасиетті жұма күні Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітіне жиылған жамағатқа “Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке тұлғасы” тақырыбында жұма насихатын айтып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.
Айта кетейік, аймағымызға жұмыс сапарымен келген уағызшының қатысуымен имамдарға арналған семинар, жергілікті жамағатпен және жастармен кездесу ұйымдастырылған болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі