ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/31/2020 73

БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Беларусь мұсылмандары діни бірлестігінің төрағасы Абу-Бекир Шабанович ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Беларусь мұсылмандары діни бірлестігі және өз атымнан қасиетті Құрбан айт (Ид аль-Адха) мерекесіне орай сізге ыстық лебізім мен ақжарма тілегімді арнаймын.

Алла Тағала біздің мұсылман үмметіне мейірім, қауіпсіздік және тұрақтылық берсін. Сізге және сіздің туыстарыңызға, барша Қазақстан мұсылмандарына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, күш-қуат тілеймін» делінген құттықтау хатта.