ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/22/2019 340

Белгілі теолог Ғазиз Ахметов Қызылордада

Республикамызға белгілі теолог, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы, Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахметов Сыр еліне арнайы сапармен келді.

Ғ.Ахметовтың Қызылордадағы сапары қаламыздағы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде өткен кездесумен басталды.

Келелі кездесуде Тараз қаласының Бас имамы Ғазиз Нұртайұлы және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы білім алушы жастарға насихат айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Сұхбат барысында танымдық видеороликтер көрсетілген соң, студент жастардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ғ.Нұртайұлының Сыр өңіріндегі екі күндік сапар кестесі бойынша қала мектептеріндегі арнайы мамандар, кент және ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдарына арналған семинарға қатысуы және облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жұма уағызын айтып, құптан намазы уақытында «Айтбай» мешітінде жамағатпен сұхбат жүргізуі күтілуде.