ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/25/2019 265

ШИЕЛІ: Белгілі теолог ғалым уағыз айтты

Елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш-медресе» колледжінің директоры Адуғаппар Сманов Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданына сапармен келді.

Екі күнге созылған сапар барысында бейсенбі күні мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Ә.Үмбетов, әкімшілік және мешіт қызметкерлері, жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен «Қазақ зиялылары және Ислам» тақырыбында семинардың арнайы қонағы болды.

Бұдан кейін құптан намазының уақытында аудандық «Оқшы ата» мешітінің жамағаттарымен сұхбат жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Еркін форматта өткен аталмыш кездесуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Б.Ұласқанұлы да қатысты.

Қасиетті жұма күні «Оқшы ата» орталық мешітінде жұма намазын оқуға келген жамағатқа «Он бәленің тоғызы тілден» тақырыбында жұма уағызын айтып, тілден келетін апаттар жайлы түсіндірді.