ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/30/2025 1143

БІР АЙДА БІР КІТАП

Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығына қарасты № 19 қалалық орталықтандырылған кітапхана мен «Speaker» дебат клубының бірлесе ұйымдастыруымен республикалық «Бір айда бір кітап» акциясы аясында ақын, жазушы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың “Махаббат күйігі” (1976) атты әңгімесі талқыланды.
Қазақ әдебиетіндегі өнер, өнер адамдары туралы тақырыпты терең игеріп, көп жазған автордың бірі Т.Әлімқұлов аталған әңгімесінде екі түрлі махаббаты тілге тиек еткен. Оның бірі ферма меңгерушісі Қалшабектің әйелі мен есепші Қарсақтың арасындағы махаббат, екіншісі – ана махаббаты. Автор екі түрлі махаббаттың арасы жер мен көктей екендігін көрсете білген.
Жиын соңында “Жастар ісі” секторының жанынан “Korkem soz” оқырмандар үйірмесін құрылатындығы айтылды.