ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша меңгерушісі Айтжан Мұсаұлы қалалық Мырқы қажы мешітінде жастармен кездесті.
«Бір айда бір кітап» жобасы аясында өткен кездесуде «Қалып кітабы» жамағатқа арнайы таныстырылып, рухани ортада жылы қабылданды. Шара барысында кітаптың мәні мен мақсаты түсіндіріліп, жамағатқа оның қазіргі мұсылман қоғамындағы орны мен пайдасы жайлы мазмұнды ақпарат берілді.
Бұл таныстыру кеші жамағаттың діни білімін арттыруға, кітап оқу мәдениетін жандандыруға және ортақ рухани құндылықтарды нығайтуға үлес қосқан тағылымды басқосу болды.

96