«Bir tolqynda» диалог алаңында Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы, исламтанушы, РАТТ сарапшысы Абылай Кенжалы Сыр жастарымен кездесті.
Достық үйінде өткен жүздесуде спикерлер жат ағым зардабы жайлы түсіндіріп, діни көзқарас қалыптастырудағы маңызды мәселелерге тоқталды. «Жастық энергия мен бос уақытты тиімді пайдалану», «кітап оқу», «үздіксіз даму», «қоғамға пайдалы, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналу» сынды тақырыптарда насихат айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында жастардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






