«Бірлігі бекем жамағат» атты Сыр жамағатының кезекті басқосуы өтті.
Жастар ісі секторының мұрындық болуымен Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ұйымдастырылған рухани жиынға Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен жамағаты қатысты.
Шара барысында ғибратты насихат айтылып, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі