
Жалағаш ауданына жасаған іссапары аясында Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы аудандық «Иманқұл» мешітінде жамағатпен кездесті.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған «Бірлігі бекем жамағат» атты рухани шарада бас имам мұсылман қауымының ынтымағы мен ауызбіршілігінің маңыздылығын атап өтті. Жамағаттың бірлігі – қоғамның тұрақтылығы мен рухани дамуының негізі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ізгі амал, көркем мінез, өзара құрмет пен бауырмалдық тақырыптарында насихат айтылып, жиналған жамағатқа тағылымды ой салынды.
Шара соңында Мырзабай ахун ауылдық мешітінің имамы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталып, елдің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойыеша өкілдігінің баспасөз қызметі

3