ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/15/2019 214

БУРАТИНОҒА «ҚМДБ ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Алкогольсыз сусындар өндіретін «Жигалма» ЖШС-ң «Өнім өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша 4 түрлі өніміне (Классикалық Компотай, «Шие» Компотай, «Жеміс-жидекті» Компотай, «Настоящий Буратино») «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.

«Буратино» сусыны құрамында тек қана табиғи компоненттер қосылған сусын ретінде 70-жылдары Кеңес Одағында пайда болды. Қарапайым карамельді дәм мен лимон қышқылы ұзақ жылдар бойы сусынды ең танымал өнім қатарына қосты.

Қазіргі таңда лимонад өндіру күрделі технологиялық процесс нәтижесінде жүзеге асады.

«Жигалма» мекемесінде «Халал өнімді стандарттау және сертификаттау» бойынша тиісті жұмыстарды жүргізген ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ң Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан мырза:

«Настоящий Буратино» лимонды сусынының негізгі құраушы компоненттері су мен қант. Көмірлік-құмдық сүзгіден және бактерицидті лампалық тазартудан өткен су «шәрбат» бөліміне жөнелтіледі. Ол жерде суға қант қосылу процессі орындалады. Жасанды тәттілендіргіштер мен олардың орнын алмастырғыштар қолданылмайды. Кәсіпорындағы жұмыс процессі және Алматы қаласындағы «Ұлттық экспертиза орталығында» өнімге жүргізілген зертханалық тексеріс нәтежиесі «Настоящий Буратино» сусынында спирттің пайыздық мөлшерінің мүлдем жоқ екендігін көрсетті», -дейді.

Нәтижесінде, эксперт-технолог және шариғи кеңесші мамандардың қорытынды актісінен кейін «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

«Жигалма» ЖШС-і мекен-жайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 221.

https://www.muftyat.kz/kz/news/16977