ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/16/2021 743

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ҚМДБ “Жастар ісі” секторының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Сұлтан” мен “Мүсірәлі ата” мешіттернің мұрындық болуымен “Қамқорлық” дағдарыс орталығына көмек көрсетілді.
Жастар секторының облыстағы жетекшісі А.Жексенов пен “Сұлтан” мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев орталық жұмысымен танысып, қиындыққа душар болған түрлі тағдыр иелерімен кездесті.
Кездесу барысында  орталықты паналаған жандармен сұхбаттасып, рухани қолдау білдірді. Алдағы уақытта да көмектесуге дайын екендіктерін жеткізген мешіт имамдары балаларға Ораза Айт мерекесіне орай ала келген базарлықтарын табыстады.

ҚМДБ-ның  Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі