ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/09/2021 442

ДІН БІРЛІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен “Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі” атты жастармен кездесу өтті.  “Айтбай” мешітінің ұстазы, қари Мұрат Дайрабайұлы “Өркениет” медициналық колледжінің жастарымен жүздесіп, маңызды мәселелердің бірі дін тақырыбында біраз ой өрбітті.
– Тәуелсіздік алғалы елімізде дін саласы көптеген жетістіктерге жетіп, мешіттер, медреселер ашылды. Сондай-ақ, ең басты жетістіктерінің бірі Египет елімен келісім жасалып, “Нұр-Мүбәрак” университеті ашылды. Бұл дегеніміз жастардың діни білімінің одан әрі жоғары шыңдалуына жол ашады деген сөз,-дейді Мұрат Дайрабайұлы.
Сонымен қатар, кездесу қонағы 1990 жылдарды өзге діни ағымдардың елімізде белең алып, көптеген қиындықтар тудырғанын да жасырмады. Сол жылдардағы жат ағымдармен жүргізілген күрес барысын баяндап, одан әрі қатысушы жастардың толғандарын сауалдарына жауап берілді.