ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/25/2026 1

«ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ»: ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласындағы «Мырқы қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабы бойынша қалалық білім сайысы ұйымдастырылды.
Тағылымды шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығын дәріптеу.
Білім додасының қорытындысы бойынша «Қалмұхаммед ишан» мешітінің үміткері Самат Мұхамбеталиұлы І орын иеленді. «Нұр» мешітінен қатысқан Мақсат Берікболұлы ІІ орынға, «Айтбай» мешітінің үміткері Ильяс Әмірханұлы ІІІ орынға тұрақтады.
Жеңімпаздарды Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Жақсыбек Әбиұлы құттықтап, оларға дипломдар мен қаржылай сертификаттар табыстады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі