ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/28/2025 51

«ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ» БІЛІМ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласына қарасты Сабалақ тұрғын ауданында қала мешіттері шәкірттерінің арасында «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабы бойынша білім жарысы өтті.
«Мақтұм Сейіт», «Ерназар Мақсұм», «Мүбарак» мешіттері ұйымдастырған білім бәйгесіне 15 мешіттің үміткері қатысты.
Шараға арнайы қатысқан облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы жеңімпаздарды марапаттап, дипломдар және қаржылай сертификаттарды табыстады.
Жарыс жеңімпаздары төмендегідей:
І орын – 50 000 тг – «Мырқы қажы» мешіті
ІІ орын – 30 000 тг– «Төлен ата» мешіті
ІІІ орын – 20 000 тг– «Қалмұхаммед ишан» мешіті
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі