Ақпараттық түсіндірме тобының іс – шара жоспарына сәйкес аудандық білім бөлімінің қолдауымен Жосалы кентіндегі білім ұйымдарында жастар тәжірибесінен өтуші жас мамандармен кездесу өтті.
Жастар ісі секторы ұйымдастырған шараға Қармақшы ауданының бас имамы Н. Рахметуллаев, ата – аналар коммитетінің төрағасы М. Әлиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Тоқшылықова және аудандық қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы Р. Бахытжан қатысты.
Кездесуде ардагер ұстаз М. Әлиев ұстаздың қәдір – қасиеті мен ұстанымын және тұлғалық қәбілетін түсіндірсе, аудан бас имамы Н. Рахметуллаев жастар арасында белең алған лудомания, буллинг және дін мәселелері бойынша үгіт – насихат жүргізді.