ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/26/2024 11

Діни экстремизмнің алдын алу

Қармақшы аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Аграрлы техникалық колледжінде «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
 Шарада Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамы, «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының” өңір бойынша директоры Демесбай Талғат “Діни экстремизмнің алдын алу” мәнін әлеуметтік көрініс ретінде, олардың деструктивтілігі, заманауи өмірде біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсінуге қатысты мәселелерді талқылау белсенді пікірталас ретінде орын тапты.
Мұндай шаралар жастарда экстремизм мен терроризм идеологиясына деген беріктік және жағымсыз қатынасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасалып жатыр.
Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді. Бүлік әрекеттерінің алдын алу жолдары мен бүгінгі мұсылман қауымының татулықты сақтаудағы рөліне тоқталды.
Шараға қатысқан студенттер арасында қозғалған діни тақырып бойынша диалог өтті, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.