ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/02/2026 2

ЕҢБЕК АУЫЛЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жалағаш ауданына қарасты Еңбек ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Отбасылық құндылықтар – ұлт болашағының негізі» атты облыстық форум өтті.
Форумда облыстық орталық мешітінің бірінші наиб имамы Жақсыбек Әбілұлы Әбенов «Исламдағы отбасы құндылықтары және ұрпақ тәрбиесіндегі рухани жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасап, отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың жауапкершілігі және жас ұрпаққа діни-рухани тәрбие берудің маңызын кеңінен тарқатты.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Бекмағанбетқызы, Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Әділжан Ғалымжанұлы, Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, Жалағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы отбасы институтын нығайту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу туралы сөз қозғады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі