ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/17/2019 228

Ережеп айы насихатталуда

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанындағы асханада жамағатқа арналған дастарқан жайылды.

Қасиетті үш айдың бастауы – Ережеп айының құрметіне орай жайылған дастарқан басында Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев «Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан және Рамазан» тақырыбында уағыз айтып, сауаптар еселенетін құлшылық айларының қадір-қасиетіне тоқталды және үш айды тиімді өткізу жолдары мен Рамазанға дайындық жасау амалдары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, облысымыздағы қалалық және аудандық мешіттерде де аталмыш айдың құрметіне орай ауызашар беріліп, түрлі форматта шаралар өткізу жоспарлануда. Жамағат ризашылығын білдірген ауызашарлардың бірі Шиелі аудандық орталық мешітінде ұйымдастырылды. Ауызашарға арнайы шақыртылған қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев уағыз айтып, жамағатпен сұхбат жүргізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі