ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/09/2020 110

Ерікті жастар орталық мешітте бас қосты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы және облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында ерікті жастармен өткен еркін форматтағы сұхбаттасу алаңында мешіттің наиб имамы А.Жұбанов пен облыстық “Жастар ісі” секторының жетекшісі С.Әбіл саңлақ саһабалардың өмір-тарихынан мысалдар келтіре отырып, «ата-ана разылығына қол жеткізу», «ұстазға құрмет көрсету», «уақытты тиімді пайдалану», «қоғамға пайдалы болу», «жастық шақтың қадірі» жайлы насихат айтты.

Сахабалар өмірінен алынған өнегелі өсиетпен басталған игі шара ерікті жастардың бас мешіттегі тазалық жұмыстарына атсалысуымен жалғасты. «Qazvolunteer» жобасы аясында келген «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының белсенді білімгерлеріне сауапты амалдары үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.