ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/14/2020 122

ЕРІКТІ ЖАСТАР ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ағаш отырғызу акциясы өтті.
ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіттердің жамағаты, ерікті жастар Қызылорда облыстық балалар ауруханасының ауласына алма, сары өрік секілді жеміс ағаштары және сыр талы мен терек ағаштарының 60 көшетін отырғызды.
Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» жобасы аясында өткізілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі