ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/14/2019 260

Еркебұлан Қарақұлов Сыр мешітінде жұма уағызын айтты

Қызылордаға арнайы іс-сапармен келген Шымкент қалалық «Әл-Біләл» мешітінің Бас имамы Е.Қарақұлов Сыр өңірінің Бас мешітінде жұма уағызын айтты.

Республикамызға белгілі теолог, исламтанушы, Әл-Азһар университетінің түлегі Еркебұлан Ыбырайымұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жұма намазын оқуға келген жамағатқа «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыбында жұма уағызын айтып, ысырапшылдықтың зияны мен кесірі туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, сапар кестесіне сәйкес, күні кеше құптан намазынан кейін қалалық «Нұр» мешітінде «Сәләфияның сенімдегі негізгі қарама-қайшы тұстары» тақырыбында уағыз айтса, бүгінгі құптан намазының уақытында «Айтбай» мешітінің жамағатымен кездесуі жоспарлануда.