ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/12/2021 828

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай, ҚМДБ Жастар ісі секторының Сыр  өңірі бойынша жетекшісі аймақтағы жас буынның белсенді өкілдерін мерекемен құттықтады.

Нақтырақ айтар болсақ, сектордың облыстағы жетекшісі Айтжан Мұсаұлы Қызылорда облыстық  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мукеев Азамат Рысдәулетұлы Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабекті арнайы кездесіп, мейраммен құттықтады.

Кездесуде мүфтият шығарған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы тарту етіліп, саналы да сапалы жастарды тәрбиелеу жолында атқарылатын бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспары жайлы сөз қозғалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі