ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқауға» аймақтық іріктеу сайысы өтті.
Карантин талаптарын сақтай отырып өткен жарыс ZOOM платформасының көмегімен Құран Кәрімнің 10, 20, 30 параларын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Онлайн форматтағы іріктеу сайысында Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстаз, наиб имамдары М.Абжалелов, Ш.САдуов, И.Қаюпов сынды қарилар төрелік етіп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларды жеңімпаз деп таныды.
Атап айтар болсақ,
– «Құран Кәрімді толық жатқа оқу» бойынша Қ.Абишев
– «Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу» бойынша А.Құдайқұлы
– «Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» бойынша М.Абжаппар
– «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» бойынша Б.Тантақ есімді жүлдегерлер 150000 тг, 100000 тг, 70 000, 50 000 тг көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен марапатталып, ІХ республикалық байқауға жолдаманы қанжығаларына байлады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі