ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/17/2021 104

ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда облысының дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала имамдарына арналған семинар өтті.
«Мемлекет дамуыныңзайырлы қағидаттарын нығайту мәселелері» тақырыбында өткен шараның мақсаты – теріс ағымның алдын алу және онымен күрес жұмыстарын күшейту.
Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерсұлтан Есов пен дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысып, заман талабына сай үнемі даму процесінде жүру қажеттігін екенін жеткізді.
Жан-жақты қамтылған семинардың жоспарына сәйкес, психолог маман мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері діни мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері, зайырлы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер турасында баяндама жасап, еркін сұхбат аясында сұрақтарға жауап берді.
Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі