ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/07/2025 32

ИМАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІ: Қызылордада маңызды жиын өтті

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаевтың қатысуымен қала және аудан имамдарының жиыны өтті.
«Имамның тұлғалық келбеті» құжаты аясында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен басқосуда Дастан Жанасұлы дін қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондықтан одан көркем мінез-құлық, ұстаздық қабілет-қасиет, белсенділік пен азаматтық сипаттар талап етілетінін атап өтті.
Сондай-ақ шара барысында бас имам діни басқарма тарапынан берілген тапсырмалар мен жұмыс жоспарының жүйелі орындалуын, төл басылымдар мен ресми сайттарда жарияланатын діни мағлұматтың кеңінен насихатталуын, сондай-ақ Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі