Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қызылорда облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде басталған “Имани жаз-2024” жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Аймақ мешіттерінде курстың аяқталуына орай бітіру кештері ұйымдастырылды.
Салтанатты шараларда имамдар балалар мен ата-аналарын құттықтап, сертификат пен сыйлықтарын табыстады.
Айта кетейік, мектеп жасындағы оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында бастау алған республикалық жобаға облыс бойынша 1350 бала қатысып, «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде тазалық, әдеп сабақтарын оқыды, Құран әліпбиін үйреніп, таңдаулы дұғалар жаттады. Сонымен қатар курс барысында Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен футбол, садақ ату және т.б. спорттық ойындар, викториналық сұрақ-жауап сайыстары өткізіліп, түрлі мәдени орындарға саяхаттар жасалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі