ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/07/2025 156

ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Исламдағы сауда-саттық» кітабы бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуде “Арал аудандық орталық” мешітінің наиб имамы Бекжан Қуанатұлы мешітке келуші жастарға «сауда-саттық», «жалға беру», «кепілдік» бөлімдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Айта кетейік, Ислам ғалымы Мұхаммад Мәжид әл-Итрдің бұл еңбегін аударған – Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрмашұлы мен Елбек Тасболатұлы.