ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/23/2024 10

ІЗГІ ҚОҒАМ

Байқоңыр қалалық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 5-10 жас аралығындағы балаларға арналған жексенбілік отбасы құндылықтары дәрістері өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасылық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді және қоғамда бейбітшілік пен ынтымақтастықты насихаттау.
«Ізгі қоғам» тақырыбында өткен дәріс барысында балаларға достық, құрмет, жауапкершілік және өзара көмек көрсету сияқты ізгі қасиеттер түсіндірілді.
Сонымен қатар дәрістер ата-аналар мен балалар арасында сенімді және жылы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Бұл іс-шара балалардың жеке тұлға ретінде дамуына, қоғамда жауапты азамат болуына ықпал етіп, отбасылық тәрбиенің маңызды рөлін көрсетуге арналған.