ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/17/2019 241

Әйелдер арасында облыстық Құран жарысы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Әйелдер-қыздар” секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде әйел шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық жарыс өтті.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай, Құран жаттауға ден қойып жүрген шәкірттерді ынталандыру мақсатында өткізілген ауқымды шараны алғы сөзімен ашып берген ҚМДБ-ның облыстағы Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы жылдан жылға әйел жамағатының арасында Құран жаттаушылардың саны артып келе жатқанын жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Облыс мешіттерінен жиналған 25-ке жуық үміткер Құран Кәрімнің 1 парасын, Фәджр мен Нас сүрелері аралығын және Ясин сүресін жатқа оқудан сынға түсті. Шын мықтының бабы мен бағы қатар сыналатын бәйгеде төрелік еткен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуов пен ұстаз, қари М.Абжалеловтың бағалауы бойынша:

«Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Мұхаммедқали Бегімсұлу
ІІ-орын Жақсылыққызы Ботагөз 
ІІІ орын Ашықбаева Перизат

«Құран Кәрімнің Фәджр мен Нас сүрелерінің аралығын жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Шамшаева Мирамкүл
ІІ-орын Фархадқызы Саида 
ІІІ-орын Еркінқызы Хадия

«Құран Кәрімнің Ясин сүресін жатқа оқу» номинациясы бойынша
І-орын Жасағанбергенова Әсем 
ІІ-орын Рахимова Фариза 
ІІІ-орын Баекешова Индира 
иеленіп, жүйрік деп танылған жеңімпаздар жарыстың қаржылай жүлделерін қанжығаларына байлады. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі