ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/09/2020 190

КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

 

Бүгін көпбейінді облыстық аурухана өкілі «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне арнайы келіп, Бас имам Болатбек Ұласқанұлымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлын және «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Онталап Тасбулатұлын көп бейінді облыстық аурухана директоры Н.Е.Амитов мырзаның арнайы алғыс хатымен марапаттап, ерекше ілтипатын жеткізу.

«Ел басына күн туған сәтте жұқпалы індет жұқтырған науқастар өмірі үшін күресіп жатқанда оларға үміт сыйлап, медицина қызметкерлеріне қолдау білдіргендердің алғашқылары сіздер болдыңыздар. Мешіт имамдары мен ерікті жамағаттардың игі істерінің арқасында ауруханамызға оттегі концентраторы сыйланып, оттегі шарлары тұрақты тасымалданып отырды. Оттегі шарларын толтыру барысында 11, 12 сағаттап кезек күтсе де мешіт еріктілері бір ауыз жағымсыз пікірлерін білдірмей, төзімділік таныта білді. Сіздер бұдан бөлек уақытта да ауруханамызға әрдайым қол үшін беруге дайын тұрасыздар. Сіздерге ұжымның атынан және көмек алған емделушілеріміздің атынан шексіз алғыс білдіремін!-деді аурухана өкілі.

Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Өмірге үміт сыйла» бастамасы аясында имамдар мен ерікті жамағаттар аймақтағы ауруханаларға оттегі концентраторы, медициналық бетперделер, арнайы қорғаныш киімдерін табыстап, оттегі шарларын тасымалдаған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі