ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/19/2020 94

«КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» ҚАРМАҚШЫДА

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен республика көлемінде бастау алған «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы Қармақшы ауданында жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада Бас имам Болатбек Ұласқанұлы мүбарак Мәуліт айының келуімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде өткен шарадан соң Сыр өңірінің Бас имамы бастаған мешіт қызметкерлері аудандағы «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын зиярат етті. Орталық тынысымен танысқан Бас имам кілем тарту етіп, келешекте де мешіт тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетілетінін жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі