ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2020 118

«КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» ЖАҢАҚОРҒАНДА

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы Жаңақорған ауданында жалғасын табуда.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы игі шараға арнайы қатысып, ауыл имамдарымен бірге тұрмысы төмен 40 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің мұрындық болуымен өткен қайырымдылық керуенінен көмек алған мұқтаж отбасылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі