Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, «Құран секторының» жетекшісі, қари Шыңғысхан Садуов «Шиелі» қайырымдылық мекемесінің болашақ қариларымен кездесті.
Шиеліде өткен жүздесуде қари Шыңғысхан Жаппарханұлы шәкірттерге білім алудың маңыздылығын түсіндірді. Құран Кәрімді жылдам әрі оңай жаттау жолын айтып, жеке тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ілім іздену жолында кездесетін қиындықтарға мойымауға шақырды.
Сондай-ақ, шара соңында мекеменің жаңа оқу жылына қойған міндеттері мен мақсаттары айқындалып, жоспары пысықталды.
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі