ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының бастамасымен кезекті “Кемел кездесу” айлық дастарқаны ұйымдастырылды.
Қалалық “Нұр”, “Хазрет Әбу Бакір”, Арал аудандық орталық мешітте, Жалағаш аудандық “Иманқұл” мешітінде, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы әзіз” мешітінде, Жаңақорған кентінде орналасқан “Һисамиддин Сығанақи” мешітінде және Әйтеке би кентінде орналасқан “Қожаназар ишан” мешіттерінде өткізілген қыркүйек айының басқосуында мешіт имамдары жиылған жамағатқа “Мәуліт – мейірім айы” тақырыбында насихат айтып, ақ дастарқан басында еркін форматтағы сұқбат жүргізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі