ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/11/2019 270

Өкіл имам облыс әкімімен кездесті

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлымен кездесті.

Өкіл имам жақында тағайындалған аймақ басшысын Құрбан айт мерекесімен және жаңа қызметімен құттықтады.

Келелі кездесуде Болатбек Ұласқанұлы аймақтағы діни ахуал және 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен қолға алынған «Үздік имам», «Үздік жамағат», «Сыр жастары жарысады», «Бір отбасыдан бір тал» жобаларына және «Ел үлесі пәтерге», «Мектепке жол» республикалық акцияларына тоқталып, ұсыныстарын жеткізді.

Сұхбат соңында облыс басшысы Қуанышбек Досмайылұлы барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.