ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/05/2019 280

Өкіл имам қызылордалық студенттермен кездесті

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті.

Бүгінгі таңда университет қабырғасында өңірімізден барған 90-ға жуық білімгер бакалавр деңгейінде оқып жатса, 4-еуі магистратурада және 4-еуі доктарантурада білімдерін шыңдауда. Кездесудің мақсаты – шәкірттердің хал-ахуалымен танысып, қолдау білдіру.

Еркін форматта өткен сұхбат барысында өкіл имам студенттерге басты міндеттері – тек қана сапалы білім алып, болашақта білікті маман ретінде ислам дініне, елімізге адал қызмет ету екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, уақытты тиімді пайдаланып, білім алуда табанды болуға шықырды.

Кездесу соңында білімгерлермен тығыз байланыс орнату мақсатында whatsApp мессенджерінде ортақ чат ашылып, араларынан Т.Төлегенов деген студент әмір ретінде тағайындалды. Шәкірттер өкіл имамға талап-тілектерін жеткізіп, арнайы келіп қолдау білдіргеніне алғыстарын жеткізді.