ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/08/2022 134

ӨКІЛДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫР МЕШІТТЕРІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамдары аймақ мешіттерінде жұма уағызын жүргізді.

Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасына сәйкес, бастау алған насихат жұмыстары бойынша наиб имамдар Жақсыбек Әбенов, Қайырбек Отызбаев, Мағжан Өмірбеков, Ислам Қаюпов Қызылорда қаласында және аудан орталықтары мен оларға қарасты ауылдық мешіттерде жұма уағызын жүргізді.

Бірнеше аптадан бері жүзеге асып жатқан жобаның басты мақсаты – мешіттердегі ахуалды бақылау, жамағатпен байланыс орнату, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту болып табылады. Бұл өз кезегінде мешітке келуші жамағаттың жат ағым өкілдерінің жетегіне еріп кетудің алдын алып, аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.

Жоспарға сәйкес, өкілдік қызметкерлерінің көшпелі уағызы әлі де жүзеге аса бермек.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі