ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы кент мешіттерінің шәкірттері арасында кіші футболдан жарыс өтті
Жарысқа 5 команда қатысып, шәкірттердің сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу, спортқа баулу және жігерлендіру мақсат етілді.
Мұндай игі бастамалар, оның ішінде футбол жарысы жиі өткізіліп тұратын болады. Ұйымдастыруды әр мешіт кезекпен өз мойнына алып, шәкірттердің ынта-жігерін арттыруға үлес қосуда.
Алда да осындай рухани және спорттық шаралар жалғасын таба бермек!


47