ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шиелі аудандық пробация қызметі есебіндегі азаматтармен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді.
Кездесуде Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Рахат Серікбайұлы кісі ақысы, мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі, шынайы тәубе ету, адалдық, адамгершілік пен рухани тазару жат діни ағымнан сақтану туралы мазмұнды насихат айтылды. Сонымен қатар, әрбір адамның екінші мүмкіндікке лайық екені, Алланың рақымы кең екендігі де ескертілді.
Осындай кездесулер – қоғамнан оқшауланған жандардың рухани қолдауға мұқтаж екенін ескере отырып, оларға жаңа өмір бастауға серпін беруді көздейді.

