ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Ыбрайым молда” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Салауатты жамағат” атты үлкен теннистен ашық турнир өтті.
Аталмыш турнирге Қызылорда қаласына қарасты мешіт жамағатынан құралған 20 команда қатысты.
Шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаты арасында тығыз байланыс орнату және салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ, мұсылманға тән сабырлылық пен көркем мінезділікті қалыптастыру.
20 командадан құралған сайыстын қорытындысы бойынша 3 орын “Мүсірәлі ата” мешітінің жамағатына бұйырса, 2 орынды “Хазрет Әлі” мешітінің командасы иеленді. Ал, жүлделі 1 орынды Қызылорда қалалық “Айтбай” мешіті қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар орындарына сай қаржылай сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.
1 орын-50 000 тг
2 орын- 30 000тг
3 орын- 20 000тг